2 қарашадан бастап Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін автокөлікпен шығаруға алты айға тыйым салынды.
Шара энергетика, ішкі істер, қаржы министрлері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті енгізген құжатқа сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың 2709, 2710, 2902, 3403 және 3811 кодына жататын тауар номенклатурасын Қазақстан аумағынан автокөлікпен шығаруға болмайды.
Осыған дейін Ресеймен шекаралас жерлерде арзан қазақстандық бензинді жаппай шығару әрекеті тіркелген болатын. Артынша уақытша шектеу енгізу туралы шешім қабылданды.
Айта кетерлігі, мұндай шектеу автомобиль зауыты шығарған және техникалық талаптарға сай келетін бензин багы мен 20 литрден аспайтын ыдысқа қатысты емес.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті