Кеше Грузиядағы бірқатар мемлекеттік телеканалдар мен үкіметтік емес ұйымдардың сайттары хакерлік шабуылға ұшырағаны туралы хабар тараған. Ал бүгін көршілес қырғыз елінде де осыған ұқсас жағдайдың болғаны белгілі болды.
Хабарға қарағанда Қырғызстандағы танымал интернет басылым kloop.kg сайты хакерлік шабуылға ұшыраған. Аталған қырғызстандық сайтқа хакерлік шабуылдың жасалғанын сайтқа техникалық көмек көрсетуші компания мәлімдеген. Интернет басылымының редакторы Э. Сұлтанмұраттың айтуынша хакерлік шабуылдан кейін сайты әлі қалпына келіп болмаған. Айта кету керек, аталған сайт Қырғызстанда белсенді оппозициялық сайттардың бірі. Жақында ғана Бішкектегі даулы жер телімдері туралы құнды мәліметтер таратқан.
Кеше Грузияның мемлекеттік телеарналарына хакерлік шабуыл жасалғаны туралы хабар тараған. Хакерлер бірқатар сайттарға елдің бұрынғы президенті Саакашвилидің суреті қойылып, «Мен қайтып келемін» деген мәтін жазылған екен. Елдегі "Би-Би-Си" тілшілері хакерлік шабуыл Ресей тарабынан келген болуы мүмкін деп болжаған.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі