Nissan компаниясы Жапонияның Йокогама қаласында қысқа уақытқа жалға берілетін электромобиль қызметін іске қосты. Бұл қызметте еуропалық Renault Twizy нұсқасына сәйкес жасалған Nissan NMC (New Mobility Concept) модельді көліктері қолданылмақ.
Бұл қызметті пайдалану үшін: жол жұру төлқұжаты, смартфон, жапондық кредиттік карта болса жеткілікті. Тапсырыс беру діттеген жеріңізге шығардан жарты сағат бұрын рәсімделуі қажет. Әзірге электромобильмен тек қала ішінде ғана жүруге болады. Қызметтің құны: алдын ала төлем - 200 иен, ал қалған 15 минут сайын 250 иеннен төлеп отыру қажет. Ал көліктің бір тәулікке алғандағы құны 3000 иенді құрайды, теңгемен есептегенде 7500 теңге.
Choimobi Yokohama (« Йокогамада жеңіл қатынау») қызметін қала басшылығы 2013 жылдан бастап тәжірибеден өткізе бастаған. 2015 жылы Nissan компаниясы электромобильдерін коммерциялық ұйымдарға жалға беріп, қызмет көрсете бастаған еді.
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы