Оңтүстік Корея мен Америка келіссөздердің екінші жиыны Корей түбегінде америкалық әскерлерді орналастыру жөнінде өтті. Бұл туралы KBS телеарнасы хабарлады.
Мәліметтер бойынша, оңтүстік кореялық делегацияны Қаржы комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Чон Ын Бо, ал Америка делегациясын Мемлекеттік департаменттен Джеймс Дехарт басқарды.
Қыркүйекте Сеулде өткен келіссөздердің бірінші жиыны кезінде тараптар осы мәселе бойынша пікір алмасқан болатын. АҚШ сол кезде Сеулдің шығындарын едәуір ұлғайту қажеттігін айтты, өйткені Корея Республикасында американдық әскери контингентке жылына $5 млрд.жұмсалады. Оңтүстік Корея өкілдері АҚШ-қа қорғаныс шығындарын бөлуге қолайлы және ұтымды жобаларды ұсынған.
2019 жылы Оңтүстік Кореяның АҚШ әскери контингентіне жұмсалатын шығындары 8,2% -ға яғни 1,04 трлн вонға ($915 млн) артты. Оңтүстік Кореяда 28,5 мың АҚШ әскери келуін қаржыландыру туралы бес жылдық келісімнің мерзімі өткен жылы желтоқсанда аяқталған. Оған сәйкес Сеул әкімшілігінің жыл сайынғы шығындары шамамен 960 млрд вонға ($860 млн) жеткен. Енді тараптар бір жылға арналған жаңа келісімшартқа қол қойды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді