Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочиде кездеседі. Бұдан бұрын Ердоған Сүриядағы күрд қарулы күштері уақытша соғыс тоқтату келісімін толық орындамаса, сейсенбі күннен бастап шабуыл қайта жалғасатынын ескерткен болатын.
Уақытша соғыс тоқтату бітімі өткен аптада жарияланғаны белгілі. Вице-президент Майк Пенс бастап барған АҚШ делегациясы Анкарадан 5 күнге шабуылды тоқтата тұру келісімін алған болатын. 5 күн ішінде күрд қарулы күштерінің Түркия жоспарлаған қауіпсіз аймақтан шығып кетуін талап еткен. Күрд күштері аталған аймақтан шығып кететін болса, Анкара шабуылды жасамауға келіскен.
АҚШ пен ЕО Түркияны күрд күштерімен келіссөз жүргізуге насихаттап келеді. Өткен жұмада халықаралық ұйымдар мәлімдеме жасап, Түркияның Сүриядағы әскери әрекеттерінен 86 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеген еді. Түркияның шабуылы басталғаннан бері 160 мың сүриялық тұрғын босқынға айналғаны да айтылуда.
Кейбір халықаралық ұйымдар шабуыл кезінде Түркия тарабы әскери қылмысқа да жол берді деп күдіктенеді. Айталық, Amnesty International ұйымы Түркия қарулы күштері кейбір қақтығыс аймағында химиялық қару қолданын дәлелдей аламыз деп шықты. БҰҰ Анкарадан бұл туралы түсінік беруін талап еткен.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді