Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев қылмыстық топ жетекшісі «Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босату ісі» бойынша алғашқы тыңдауға» келуден бас тартты. Бұл туралы бұрынғы мемлекет басшысының адвокаты Сергей Слесарев хабарлады.
Слесарев сөзінде: «Күзет қызметкері Атамбаевтың сот тыңдауына қатысудан бас тартқанын айтты. Бұған дейін Атамбаев сұхбаттарында бұл процеске араласпайтынын айтқан. Сол сөзін енді іспен дәлелдеп тұр. Тергеу органдары мен прокурорлардың не ойлап отырғаны белгісіз. Егер олардың істері жеке өндіріске біріктірілсе, олар бұл істе куәгерлер болады да, өз істерінде айыпталушы болып қалады», – деді.
Первомай аудандық сотында 11 қазанда 2013 жылы Азиз Батукаевтың қылмыстық беделінен заңсыз босату туралы қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Алмазбек Атамбаевтан басқа бұл іс бойынша төрт айыпталушы бар: бұрынғы бас прокурор Индира Жолдубаева, қылмыстық атқару мемлекеттік қызметі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Калыбек Кашкыналиев және гематология орталығының бұрынғы директоры Абдухалим Раимжанов.
7 тамызда Қырғызстанның арнайы жасағы Атамбаевтың Қой-Таштағы резиденциясында экс-президентті ұстау бойынша арнайы операция бастаған. Ол Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйінде жүргізілген болатын. Операция кезінде тараптар бір-біріне резеңке оқ атып, салдарынан арнайы жасақ өкілі қаза тапты. 45 адам ауруханаға түсті. Бірінші операция нәтижесіз аяқталған соң, 8 тамыз түстен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы екінші оперцияны бастаған. Кейіннен бұрынғы президент құқық қорғау оргнадарына өз еркімен берілді.
13 тамызда Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев бұрынғы президент оны ұстау операциясы кезінде қорғану үшін әдейі жергілікті тұрғындарды пайдаланды және мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тақты.
27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Жоғары Кеңесте құрылған арнайы комиссия экс-президент Алмазбек Атамбаевқа жемқорлыққа жол берді, қызметін асыра пайдаланды сынды пункттер бойынша бес айып тағылды.
Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев 2011-2017 жылдары Қырғызстан президенті лауазымын атқарды. Ол мерзімнен кейін өз еркімен қызметтен кеткен алғашқы басшы.