Тәжікстан билігі, тұтқын алмасу туралы келісімге сәйкес, 48 тұтқынды Ауғанстанға қайтарды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.
Тәжік билігінің хабарлауынша, Ауғанстанға қайтарылған азаматтар кезінде есірткі контрабандасы үшін сотталған. Олар жазаның қалған мерзімін Ауғанстан түрмелерінде өтейді.
Тұтқындарды көрші елге тапсыру дүйсенбі күні Төменгі Пяндж шекара аймағында өтті. Ауғанстан билігі Тәжікстанға бірнеше тәжік азаматын қайтарғанын мәлімдеген. Олар "террористік әрекет" үшін сотталған. Кабулдан Душанбеге жеткізілген тәжік тұтқындарының нақты саны айтылмады.
Тәжікстан мен Ауғанстан биыл осымен екінші мәрте тұтқын алмасып отыр. Маусым айында тәжік билігі Ауғанстанға 80 азаматты қайтарған.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес