Сауд Арабиясы алғаш рет шетелдіктерге туристік визаларды беретінін жариялады. Бұған дейін ел шетелдік қажылар мен кәсіпкерлерге ғана виза берген. Бұл да тақ мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман ел экономикасын мұнай экспортына тәуелді болдырмау мақсатында жасаған реформаларының бірі.
Шетелдік туристерге есігін ашқан Сауд патшалығы жол серік жақындары жоқ әйелдердің де елге кіруіне рұқсат берді. Бұдан бұрын сауд арабиялық әйелдердің жақындары жолсерік болмаса шетелге шығуға және шетелдік әйелдердің жолсеріксіз елге кіруіне шектеу қойып келген.
Дегенмен, мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Меке мен Медина қалаларындағы зиярат орындарына мұсылман еместердің кіруіне әлі де шектеу бар.
Ханзада Мұхаммед елдің билігінің басым көбін өз қолында ұстап тұрғаны белгілі. Ол 2025 жылға дейін ел экономикасының мұнай экспортына деген тәуелділігін 50 пайызға дейін азайтып, ары қарай бүтіндей мұнай экспортына тәуелсіз экономика құру жобасын жариялаған. Ол бұл ретте елдің қатып қалған діни консерватизмге жүйесіне белгілі деңгейде өзгерістер алып келді. Айталық, әйелдердің ерлер қатарлы көлік жүргізуіне және кинотеатрларға баруына рұқсат етті.
Дей тұрғанмен, шетелдік сарапшылар Сауд Арабиясы әлем туристерінің ағылып баратын бекетіне айналуы екіталай деп қарайды. Себебі, алкагольді ішімдіктерге қойылған қатаң шектеулер, діни консерватизм шетелдік туристердің ынтасына кері әсер етуі мүмкін деп санайды. Оның үстіне журиналист Хашоггидің өлімі елдің халықаралық имиджін төмендетіп жіберген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді