Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде әйгілі фотожурналист Сайлау Пернебаевтың 80 жылдығына орай «Қас қағым сәт» атты фотокөрмесі қойылды.
Фотокөрме қоғамды отандық фотожурналистика негізін қалаушы тілшінің шығармашылық мұрасымен таныстыру мақсатында көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Саналы ғұмырының 40 жылдан астамын фотожурналистикаға арнаған Сайлау Пернебаев қаталған саланың Қазақстанда қалыптасуына айрықша үлес қосты. Республикалық «Қазақстан мұғалiмi», «Социалистiк Қазақстан» (қазiргi «Егемен Қазақстан») басылымдарында қызмет етті. 1981 жылдан зейнеткерлiкке шыққанға дейiн «Қазақ әдебиетi» газеттерiнде фототілші қызметін атқарды.

Еңбектері одақтық газет-журналдардың конкурстарында 16 дүркiн бас жүлденi жеңiп алған фототілшінің әралуан тақырыптарды қамтыған көптеген фотосуреттерi әр жылдары «Правда», «Известия», «Комсомольская правда», «Труд», «Литературная газета» газеттерiнде жиі жарияланып тұрды. Сондай-ақ, Францияның, Кубаның, Германияның газет-журналдарында бірнеше рет жарыққа шыққан.

Қас қағымды қалт жібермеген фототілшінің еңбектерімен көпшілік қауым ұлттық университтің журналистика факультетінде таныса алады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр