Жер шарының орташа температурасы мен теңіз деңгейі тездікпенен көтерілуде. БҰҰ жаһандық өзгерістен қатаң ескерту берді. Нью-Йорк қаласында өткен климат өзгерісін тақырып еткен жиналысқа 60-тан астам мемлекеттік басшылары жиналды.
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш алдағы он жылда ауаға зиянды газдарды бөліп шығаруды кескін азайтатын бірқатар маңызды жобалар жасалады деген үмітін білдірді. Қытайға ауаға бөлініп шығатын көміртегін азайту туралы талап күшейтіледі. Себебі, Қытайда мыңдаған электр стансалары көмірді жанарзат ретінде пайдаланады.
Қытай соңғы үш жылда күн энергиясынан пайдаланып электр энергиясын шығаратын тақталарды көбірек шығарды және күн электр стансаларының санын көбейтті. Мәліметтерге қарағанда бір күн электр стансасы жылына 50-60 тонна көмірді үнемдейді. Бірақ, бұнымен мәселе шешім тапқан жоқ. Қытай әлі де болса энергияның 60 пайызы көмір жағу арқылы алып отыр. Қытайдың ауаға шығаратын көміртегі мөлшері әлемнің 25 пайызын иелейді. Қытай бұның зардабын да тартып жатыр деуге болады. Көп мөлшердегі көміртегі газы таулардағы қар-мұз қабаттарын ерітіп, миллиондаған адамның ауызсуы қайнарына қатер төндірген.
Алдағы бірнеше жылда Тибет үстіртінің, Бұланай тауларының (Гималай) оңтүстік-шығысындағы мұздықтар толығымен жоқ болу қаупінле тұр. Себебі, бұл Қытайдың өндіріс ошақтарына жақын, лас ауаның ықпалына көбірек ұшыраған.
Мамандардың айтуынша, Қытай «жасыл энергияға» ең көп инвестиция салушы ел болумен бірге ең көп ластаушы ел. Авторитарлық ел жаңа технологияны көптеп жалпыластыруға қауқарлы болғанымен, экономикалық табыс үшін залалды өндірістерге де жол беріп қоюы мүмкін.