Арнайы операция кезінде Қазақстаннан 23 есірткі алқабы табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
ІІМ таратқан ресми хабарламада: «Жыл сайын маусым мен қазан аралығында елімізде «Көкнар» операциясы жүргізіледі. Есірткі сатушыларды ұстау үшін наркоактивті аудандардағы (Жамбыл және Қызылорда облыстары) полицейлер қатарларын өзге өңірлерден келген әріптестермен және құралдармен күшейтілуде. Сондай-ақ, Қызылорда облысында үнді көкнәрі егілген алқаптарды анықтау үшін Ұлттық гвардия және «Сұңқар» арнайы жасақ қызметкерлері әуе техникасының көмегімен қашықта орналасқан жерлер әуеден бақылайды», – делінген.
Полиция қызметкерлері «Көкнәр» операциясы барысында 3 айдың ішінде 16,7 тонна есірткі тәркіледі. Сондай-ақ, заңсыз «үндістан көкнәрі» өсірілген 23 плантация табылған. Жедел алдын алу шаралары басталғалы 16 тонна ескірткі тәркіленді. Оның 8,7 келісі – героин, 4 тоннасы – марихуана, 198 келісі – наша. Ал көкнәр егілген жерлерден 10 тонна есірткі өсімдігінің көзі жойылды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті