АҚШ Ресей мен Қытайдың арасына іріткі салуға әрекет етіп келеді. Мұндай мәлімдемені Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров жасады. Ол ресми басылымдардың бірінде Уашингтон билігі Ресей-Қытай қатынасын бұзу үшін табанды түрде жұмыс істеп келе жатқанын айтқан.
Лавров аталған мәлімдемеде, АҚШ-тың санкциялары мен доллардың мәртебесі барған сайын әлсірегенін, жақын және орта қашықтықтағы зымырандарға шектеу қою туралы келісімнен бас тартып, ядролық зымырандарды бақылауға алу туралы тұтас келісімге қауіп төндіргенін айтқан. Сонымен бірге, АҚШ-тың өз одақтастарын пайдалана отырып, Ресей мен Қытай қатынасын бұзуға күш салғанын айтқан.
Ресей СІМ басшысының айтуынша, АҚШ Еуропа мен Азия-Тынық мұхит аймағында көпжақты қатынастарды бұзып келгенін, бұл осы аймақтардағы Ресей мен Қытайдың ортақ ұстанымдарын бұзуға бағытталған. Сондай-ақ, Лавров Уашингтон өңірлерде қайшылықтар тудыру арқылы Мәскеу мен Бейжіңнің көзқарасын қарама-қайшы қоюға тырысады деп қарайды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы