Бірқатар араб елдері Қытайдың «Хуавей» компаниясының өнімдеріне шектеу қойды. Бұл шешімді Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың араб елдеріне жасаған қысымы қатарында бағалады.
Қытай СІМ өкілі Хуа Чүниың мәлімдемесінде, араб елдерінің Huawei компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуы АҚШ-тың қысымының нәтижесі деген пікірін білдірді және бұл әрекет АҚШ-тың халықаралық ережелерді бұзуы деп айыптады.
«АҚШ өз компанияларының технология жабдықтары арқылы жылдар бойы көптеген елдерде тыңшылықпен айналысып келеді. Бірақ, бұл әрекеттерін Қытайға итермелейді», – деді Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілі.
АҚШ Федералдық байланыс қызметінің басшысы Аджит Пай өткен аптада Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі және Бахрейнге жасаған сапары кезінде аталған елдерден қытайлық «Хуавей» компаниясының өнімдерін пайдаланбауын талап еткен болатын.
Аталған Қытай технология компаниясына Құрама Штат тарабы тыңшылық айыбын тағып. Еуропалық және өзге материктегі одақтастарын Қытай технологияларынан бас тартуға шақырып келеді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес