Солтсүтік Корея Жапон теңізіне қарай белгісіз екі зымыран ұшырды.
Yonhap агенттігінің ақпаратына сәйкес, зымырандар КХДР батысында орналасқан Пиоңяң-Намдо провинциясының аумағынан шығыс бағытта ұшырылған. Снарядтардың түрі және олардың ұшу қашықтығы туралы ресми мәліметтер жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея Біріккен комитетінің өкілдері КХДР-дің келесі қадамын қадағалайтынын жеткізді.
Былтыр қарашада АҚШ Солтүстік Кореядан жасырын зымыран базаларын тапқан. Сол уақытта он үш баллистикалық зымыран базаларының таулы аймақтарда орналасқандығы белгілі болып, оларды іске қосатын қондырғылар анықталмаған.
Айта кетейік, КХДР осыған дейін мамыр, шілде және тамызда сынақ жүргізіп, Жапон теңізіне қарай бірнеше мәрте зымыран ұшырған болатын. Ресми Пиоңяң бұл сынақтарды Америка мен Оңтүстік Корея арасындағы бірлескен жаттығуға қарсылық есебінде жүргізіп отырғанын мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді