Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары Израильдің палестиналық жас өспірімдерді соттау және сотсыз қамау әрекеттеріне наразылық білдіруде. Алайда, халықаралық қауымдастық тарапынан Израильға анық шаралар қолданылған емес.
Әскери сот арқылы шетелдік балаларды соттау, қамау жазасы әлемде тек бір ғана елде бар. Қазірдің өзінде Израиль түрмесінде 500-ден астам палестиналық балалардың отырғаны мәлім. Ең қызығы, оларға тағылған айыптар да анық емес. Кейбірі Израиль заңына сәйкес сотсыз қамалған.
Израильде қамалған балалардың құқығын қорғаушы заңгер Захар Франсистің айтуынша, 14 жастағы баланы үйінен тұтқындап кету отбасыны бүлдіру әрекетімен бірдей. «Мен қауіпсіздік үшін жасалған әрекет дегенге сенмеймін. Әңгіме бақылауда. Бұл қоғамға, жас балаларға қарсы қысым жасау», – дейді заңгер BBC арнасына берген сұхбатында.
Израиль тарабы әдеттегідей айыптаудың бәрін жоққа шығарады және террорлық топтармен қатысы бар бірнеше палестиналық баланың ғана қамауда отырғанын айтады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы