Қытайлық «Хуавей» бірнеше жұманың ішінде «Миг30-Про» атты жаңа ұялы телефонын шығармақ. Компания аталған жаңа өнімін АҚШ-тың «Хуавей» өнімдеріне қаратқан шектеуіне жауап ретінде базарға салғалы отырғанын мәлімдеді.
Қытайлық Huawei-дің жаңа өнімінде Google компаниясының кең танымал болған YouTube, Google Maps бағдарламалары болмайды. Бұдан бұрын АҚШ үкіметі елінде «Хуавей» өнімдерін сатуға шектеу қойды. Көп өтпей Google компаниясы «Хуавей»-мен істестік орнатуды тоқтататынын мәлімдеді. Америкалық билік пен аталған танымал компанияның мәлімдеуінше Google бағдарламалары болмаса қытайлық компания өзінің жаңа технология өнімдерін сата алмай қалады.
Бұл шектеулер «Хуавейдің» бұған дейін шығарылған өнімдеріне қаратылмағанын айта кеткен жөн. Қытайлық технология алыбының жаңа өнімдері Google бағдарламаларына қолжетімді болмайды. Алайда, Қытай компаниясы Google бағдарламаларына балама жаңа бағдарламалар жасай алатынын мәлімдеген.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес