"Үлкен жетілік" саммитінде ұйымға мүше елдердің басшыларының бірлескен мәлімдемесінде Гонконг мәселесі де сөз етілген. Олар Қытай үкіметінің Гонконгқа қаратқан қатаң позициясын сынға алған болатын. Кеше Қытай Сыртқы істер министрлігі бұған қатысты мәлімдеме жасап, "Үлкен жетілік" елдерінің бірлескен мәлімдемесіне наразылық танытты.
"Үлкен жетілік" мүшелерінің мәлімдемесінде, Қытайдың "Бір ел, екі түзім" ұстанымын қайталай ескертті және 1984 жылы Қытай мен Британ арасындағы біріккен декларациясын, Қытайдың Гонконгтың автономиялық құқығын сақтау туралы уәдесін орындауға шақырған. Әрі, зорлық-зомбылық әрекеттерін болдырмауға үндеген.
Қытай СІМ тарабы кешегі мәлімдемесінде, G7 саммитінің бірлескен мәлімдемесін Қытай билігін Гонконгтан шығаруды мақсат еткен деп айыптады және өзге елдердің Қытай Гонконг мәселесін және Қытай-Британ декларациясына араласуға құқығы жоқ деп көрсетті.
Әлем көшбасшы елдерінің Гонконг тақырыбын көтере бастауы Бейжің билігін алаңдатпай қоймайды. Себебі, бұған дейін де Бейжің үкіметі Гонконгтағы ереуілдердің артында сыртқы күштер бар деп келген.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді