Швейцарияның “Bilan” журналы 21 тамызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Динараның атақты “Бельрив” (Château de Bellerive) сарайын сатып алғанын жазды.
Женеваның шетінде орналасқан аталған зәулім сарай Швейцарияның ұлттық жәдігерлері тізіміне енген. Мәліметке сүйенсек, Динара Құлыбаева ғимаратты 62 миллион франкқа (63 миллион доллар) сатып алған.
Журналда "Бельрив" сарайын ханзада Садруддин Ага Хан 1997 жылы ағайынды Сёрсоктарға сыйлық ретінде берген. Ағайынды Сёрсоктар оның екінші зайыбы Кетрин Алия Сёрсоктың (Catherine Aleya Sursock) балалары.
“Bilan” ақпаратына сәйкес, Сёрсок 28 мың 700 шаршы метр болатын хансарайды үш жыл бұрын 120 миллион франкқа сатуға шығарған.
Сондай-ақ, журналдың жазуынша, бұл Назарбаев қызының Швейцариядағы бірінші жылжымайтын мүлкі емес. 2009 жылы Женевадан 75 миллион долларға үй сатып алған.
Динара Құлыбаеваның өзі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр