Кабулда 17 тамыз күні үйлену тойы өтіп жатқан жерде жарылыс болып 63 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жарақат алған.
Ауғанстан ІІМ-нің өкілі Насрат Рахимидің айтуынша, жарылыс үйлену тойы кезінде ер адамдар отырған жерде болған. Сондай-ақ, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында балалар мен әйелдер бар. Жалпы тойға мыңнан астам адам қатысқан.
"Талибан" қозғалысы биылғы жыл басынан бері Кабулдағы ең жойқын шабуылға қатысы барын жоққа шығарды. Бұл жарылыс Вашингтон Ауғанстандағы 18 жылға жуық уақыт жалғасып жатқан қарулы жанжалды доғаратын бейбіт бітімге келу туралы Талибан өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатқан шақта жасалды.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани жексенбі күні Twitter-дегі парақшасына "Талибан" терроршыларға "жағдай туғызып" отырғаны үшін жауапкершіліктен тайқып кете алмайды деп жазды.
Сонымен қатар, БҰҰ мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы жартысында елде шабуылдар салдарынан қаза болған немесе жараланған адам саны 3800-ге жеткен.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы