Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасамақ. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.
Президенттің алғашқы жолдауы адам зорлау, есірткі саудасы және басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы болмақ. Қ.Тоқаев парақшасында: «2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі», – деп жазды.
Айта кетер жайт, 9 маусымда Қазақстан президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет жолдау жасайды. Осыған дейін елді 30 жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев халыққа 23 рет жолдау жасаған.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?