Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресс өкілдері палатасының мүшелері Девин Нуньес және Рик Кроуфорты қабылдап, екі ел арасындағы дипломатиялық байланысты талқылады.
Кездесуде екі тарап Америка мен Қазақстанның стратегиялық серіктестік мәселелері, миграциялық жағдай сынды тақырыптарды тілге тиек етті.
Қ.Тоқаев сөзінде: «АҚШ – Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Біз сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық салаларда тығыз ынтымақтастық орнаттық. Елдеріміздің өзара табысты іс-қимылдарының маңызды бағыты қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласы саналады», – деді. Өз кезегінде Конгресс мүшелері Америкадағы соңғы жағдайларды және Уашингтон — Нұр-Сұлтан арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа тоқталып өткен.
Айта кетейік, Қазақстан Американың Орталық Азиядағы ірі серіктесі саналады. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 300 млрд АҚШ долларынан астам инвестициялар құйылған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел