Жапония халқы ядролық жарылыс құрбандарын еске алуда, деп хабарлайды foreignpolicy.
Еске алу күнінде қаза тапқандарға гүл қойылып, Жапонияның мемлекеттік қызметкерлерінен бастап жергілікті тұрғындарына дейін құрбандар рухына тағзым етті. Ел премьер-министрі Синдзо Абэ: «Соғыс кезінде атомдық жарылысты бастан өткізген жалғыз ел ретінде әлемді ядролық қарудан азат ету жолында еңбек етіп келеміз. Мемлекеттің миссиясы да осы. Жаңа Рэйва дәуірінде әлемді бейбіт әрі қауіпсіз етуіміз керек», – деп мәлімдеді. Жер бетінде әлі де 14 мың снарядтық жарылғыш заттың барын атап өткен Синдзо Абэ өзге елдерді ядролық алпауыттармен келіссөздер жүргізуге шақырды.
Осыдан 74 жыл бұрын полковник Пол Тиббетс Хиросимаға жарылғыш тастап, шаһар жер бетінен үшті-күйлі жойылған. Мәліметтер бойынша, сол уақытта жарылыс салдарынан Хиросиманың 70-80 мыңдай тұрғыны қаза тапқан. Ал жыл соңына қарай ажал құшқандардың саны 140 мыңға жетті.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі