Қазақстанда алиментті төлеуге арналған жаңа қор құрылмақ. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев хабарлады.
Ел азаматтары аталған қордан белгілі бір сомада қарызға ақша алып, әлеуметтік міндеттемелерді орындай алады. М.Бекетаев сөзінде: «Бұл қор шетел тәжірибесі негізінде құрылады. Мәселен, Финляндияда арнайы қор алимент төлейтін азаматтарға көмектеседі. Олардың ақшасы болмай қалғанда, я болмаса жұмыссыз отырғанда, қордан ақша алып, алимент төлей алады. Кейін жағдайы түзелгенде алған ақшасын қайтарады. Қордың ақшасы тек алимент төлеуге беріледі. Басқа мақсатқа алуға болмайды», – деді.
Қазіргі уақытта Әділет министрлігі тарапы мәжіліс депутаттарымен бірге сот орындаушылары туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынған. Пилоттық жоба іске асырылғаннан кейін, жоба Парламентте талқылануы тиіс.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі