БҰҰ-ның арнайы өкілі Гейр Педерсен Қазақстан астанасында өтетін Сүрия бойынша арнайы келіссөзге қатыспайтын болды. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Мәлімдемеде: «Өкінішке орай, Гейр Педерсен сырқатына байланысты Нұр-Сұлтанда өтетін келіссөзге қатыса алмайтындығын хабарлаймыз. БҰҰ делегациясын оның орынбасары бастап барады», – делінген.
Биыл ХІІІ Сүрия мәселесі бойынша келіссөз Нұр-Сұлтан қаласында 1-2 тамыз аралығында өткізіледі. Келіссөзге Түркия, Ресей, Иран және Сүрия өкілдері қатысады. Ал бақылаушы топ қатарында БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак делегациясы бар.
2011 жылы Сүрияда қарулы қақтығыс басталғалы бері астанада Сүрия мәселесін реттеу жөніндегі келіссөз жеті мәрте ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан келіссөзіне қолдау көрсетуші елдердің арқасында, Сүриядағы қақтығыс уақытша тоқтатылды. Ресей, Иран және Түркия аталған мәселе жөніндегі келісімшартты орындаушы кепілгер-елдер саналады.
2017 жылы қаңтар, ақпан, наурыз, мамыр айларында Сүрия дағдарысына байланысты төрт рет кездесу өтті. Нәтижесінде келіссөзге қатысушы тараптар Сүрия жерінде қауіпсіз аумақтар құруға байланысты мәмлеге келген.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр