Сауд Арабиялық компания «Boeing 737 Max» лайнерінің 30 данасына тапсырыс беруден бас тартты. Бұған аталған ұшақтың бірнеше рет апатқа ұшырауы себеп болған, – деп хабарлайды Reuters агенттігі.
10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында «Ethiopian Airlines» компаниясына тиесілі «Boeing 737 Max» ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 157 адам көз жұмған. 2018 жылы қазан айында Индонезияда тап осы модельді лайнер құлап, 189 жолаушы қаза тапқан еді. Аталған жағдайдан кейін «Boeing 737 MAX» ұшағына тыйым салған елдердің қатары артты.
Осыған дейін Ұлыбритания мен Франция ұшақтан бас тартса, Малайзия, Австралия, Индонезия, Қытай мен Сингапур билігі әуе кемесін бұдан былай сапарға шығармайтын болды. Кей мемлекеттер аталмыш типті ұшақтарды қайта бақылаудан өткізу туралы шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта Қазір компания қайғылы жағдайға себеп болған бөлшектің ақаулы жерлерін алмастыру жұмыстарын жүргізуде.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр