Аустралия (Австралия) Қорғаныс министрлігінің өкілі дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, бір қытайлық барлау кемесінің Аустралияның жағалауға жақын теңіз айдынында жүргенін, қорғаныс күштері Қытай кемесін қадағалап отырғанын жеткізді.
Аустралия қорғаныс өкілінің айтуынша, бұл қытайлық кемесі АҚШ пен Аустралияның бірлескен оқу-жаттығуын бақылау мақсатында Аустралияға жақын суларға барған болуы мүмкін.
Рейтер агенттігінің хабарына қарағанда, екі жылда бір рет өтетін «Кездік» әскери жаттығуы жақында басталмақ. Кезекті жаттығуға АҚШ пен Аустралияның 25 мыңнан астам жауынгері қатысады.
Сауда-саттық қайшылықтарына байланысты АҚШ пен Қытай арасында шиеленіс былтырдан бері ушығып келе жатқаны белгілі. Оның үстіне Қытайдың Тынық мұхиттағы, әсіресе Оңтүстік қытай теңізіндегі әскери агрессивті әрекеттері АҚШ-тың қатаң сынына ұшырап келеді.
Оңтүстік қытай теңізінің егемендік құқығына байланысты талас көп. Бейжің билігі осы бір табиғи ресурстарға бай аймақты ежелден бері Қытайдың иелігінде деп санайды. Бірақ, бұған маңында оңтүстік-шығыс азиялық елдер наразы. Аталған теңізге Қытайдан тыс, Бруней, Малайзия, Филиппин, Вьетнам және Тайуанның (Тайвань) таласы бар.
Құрама Штат Аустралия, Жапония және Оңтүстік Корея сынды жақын одақтастарымен қоса жоғарыда аталған елдерге қолдау көрсету арқылы Қытайдың Тынық мұхитындағы әскери, саяси-экономикалық ықпалының кеңеюіне тосқауыл қоюға тырысады. Бұны АҚШ пен Қытайдың Тынық мұхиттағы ғасырлық бәсекесі деуге де болады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес