26 маусым күні Ташкент қалалық соты Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыровты 10 жылға соттады. Сот оны "пара алды, бопсалады, қаржылық алаяқтық жасады, салық төлеуден жалтарды және әділ сотқа кедергі келтірді" деп айыптаған.
Қадыровпен бірге тағы 12 адам бас бостандығынан айырылды. Олар әр түрлі мерзімге сотталды, ең ұзағы 19 жылға сотталды.
Айта кетейік, экс-бас прокурор Қадыров былтыр ақпан айында ұсталған еді, ал сот отырысы биыл қаңтарда басталған.
Өзбекстанның бас прокуратурасын 15 жыл бойы басқарған, бұрынғы президент “Ислам Каримов гвардиясындағы” шенеуніктердің бірі ретінде аты аталатын Рашид Қадыровты қазіргі президент Шавкат Мирзиеев билікке келген соң бірнеше рет сынаған. Тіпті, 2017 жылы тамызда Мирзиеев прокуратура қызметкерлерін "ұрылар" деп те атаған.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?