Шымкент Орталық мешіті Ақмешіт жамағаты қаза болған үш азаматтың бірі 1964 жылы туған Панабек Есмағамбетовке жаназа намазын оқыды. Қаралы жиында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен ҚМДБ Бас мүфтиі Серікбайқажы Ораз сөз сөйлеп, елге сабырлық тіледі.
Қала әкімі өз сөзінде бүгінде Шымкент қаласында 28000 арыстық тіркелгенін және олардың барлық қажеттіліктермен қамтамасыз еткенін айта отырып, зардап шегуші азаматтардың баспаналары толық қалпына келтірілетіні туралы пікір білдірді.
Және Ғабидолла Рахыматоллаұлы бірауыздан белсене үлес қосып, гуманитарлық көмектерді ұйымдастыру мен үйлестірілу ісінде барын салған ел жұртшылығы мен еріктілерге алғысын білдірді.
Қоштасу намазына 1000-нан аса ер азаматтар қатысты. Жаназа намазын Бас мүфти Серікбайқажы Ораз өзі оқыды.
Марқұмның жаны жаннатта, топырағы торқа болсын!


















10 КҮНДЕ НЕ ӨЗГЕРДІ? Покровск маңындағы қасап, дрон соғысы және жаңа Бас қолбасшының тактикасы
Алмасбек Садырбай ісі: Протоколдағы «күмәнді» кол қоюлар, Павлодардағы жоқ шығын және тоқтатылған беттесулер
Майдан шебіндегі бетбұрыс: Киевтің «технократиялық төңкерісі» және соғыстың жаңа доктринасы
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар