Биыл мұнай өндіру көлемі 89 млн тоннаға жетеді. Бұл туралы ҚР энергетика министрлігі хабарлады.
Маусымда бензин экспорты ашылғаннан бері, Аи-92 бензинінің 70 мың тоннасын, Аи-95 маркалы бензиннің 15 мың тоннасын экспорттау жоспарланған. Аталған екі марканы өндіру ішкі тұтынудан 20-30%-ға артық. Мәліметтер бойынша, өткен бес айда 36,5 млн теңге мұнайдың басым бөлігі Теңіз, Қашаған мен Қаршығанақтағы кен орындарында өндірілген. Сонымен қатар, Қашағанда жөндеу жұмыстары жүргізілігеннен кейін, өндіру көлемі тәулігіне 400 мың баррельге жеткен.
Ресми мәлімдеме жасаған ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Биылғы мұнай өндіру жоспары 89 млн тонна көлемінде. Қашағанда ағымдағы жылдың 14 сәуір мен 19 мамыр аралығында жөндеу жұмыстары 10 күн бұрын аяқталды. Теңіз және жерүсті құрылыстарында техникалық жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта Теңіз кен орнында кеңейту жұмыстары аяталғанда, 2024 жылы өндіру көлемі жылына 39 млн тоннаға дейін артады», – деді. Министрдің мәліметінше, Сарыарқа газ құбырының 420 шақырымы дәнекерленген. Аталған газ желісі іске қосылған кезде Қарағанды, Теміртау, Сәтпаев, Саран мен Шахтинск қалаларының 171 елді мекені газбен қамтамасыз етіледі.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел