Бүгін, 9 маусым күні кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру кезінде тәуелсіз бақылаушылар сайлау заңын бұзған бірқатар жағдайларға куә болған. Олар дауыс берушілердің заңсыз әрекеттерін әлеуметтік желі арқылы таратуда.
Тәуелсіз бақылаушылар дауыс берушілердің өзімен бірге бірнеше бюллетеньді сайлау жәшігіне салып жатқаны және учаскеге түсініксіз парақшалар әкелінгенін видеоға түсірген. Олар бұл видеоларын өздерінің әлеуметтік желі парақшасы арқылы таратты.