8 маусым – Қазақстанда тыныштық күні.
Сол себепті бүгін сайлауға байланысты кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, телеарналардан белгілі бір кандидатқа дауыс беруге шақыратын сайлауалды роликтер көрсетіп, басылым не үнпарақтар таратуға, сайлаушылармен кездесуге тыйым салынған. Мұнымен қатар, бұл күні штаб кандидаттары ғана емес, қарапайым тұрғындар да әлеуметтік желіде жазған үгіт-насихат сипатындағы жазбасы үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау 9 маусымда өтеді. 8 маусым – тыныштық күні. Биыл ҚР ОСК жеті кандидатты тіркеді. Олардың ішінде «Nur Otan» партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Төлеутай Рахымбеков, Қазақстанның коммунистер партиясынан Жамбыл Ахметбеков, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан Сәді-Бек Түгел, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясынан Амангелді Таспихов және «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан Дания Еспаева бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді