ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет үйінде Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстан – Жапония бизнес форумын өткізу мүмкіндігі, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Инвестициялар, ауыл шаруашылығы, технологиялар, инновациялар салаларындағы Қазақстан мен Жапонияның экономикалары арасындағы синергия перспективалары қаралды.
ҚР Үкіметінің басшысы стратегиялық серіктестікті дамытудың маңызды мәнін атап өтіп, өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «Орталық Азия+Жапония» диалогының алдағы жоспарлары туралы сөз болды.
2004 жылы негізі қаланған «Орталық Азия+Жапония» диалогы инфрақұрылымдық және медицина салаларын дамытуға бағытталған. 2015 жылы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің Орталық Азиядағы бес мемлекетке тарихи сапары басталды. 2016 жылдың қарашасында Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапармен барған. Ал 2017 жылы тараптар дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жыл толуына орай кезекті форум өткізді. 2018 жылы ҚР мен Жапония арасындағы тауар айналымы 54% артып, 2 млрд долларды құраған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді