Алматыда XVI Еуразия Медиа форумы басталды. 2002 жылдан бері халықаралық деңгейде өткізілетін форумға əлемнің 60 мемлекетінен 500-ден астам делегат жиналған.
Он алтыншы рет өткізіліп отырған медиа форум "Бүгінгі əлем: шындық трансформациясы" тақырыбында өтеді. Басқосу барысында цифрлық журналистика мен блогфсера ықпалы, жасанды, жаһандануға қарсы іс-əректтер, экожүйедегі өзгерістер, тұтыну дағдарысының артуы жəне халықаралық құқық сынды əлемдік жəне аймақтық деңгейдегі тақырыптар талқыға түседі.
Биыл ЕМФ спикерлері қатарында АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Уэйн Кертис, Ақ үйдің бас спикері Стив Бэннон, Ұлыбритания журналисі, саясаткер Джордж Галлоуэй, Euroamerica қорының президенті Бенита Ферреро-Вальднер, Bloomberg журналисі Райан Чилкаут, американ тележүргізушісі Монтел Уиллиамс, футурист Мартин Форд, «Code for Africa» бағдарламасының координаторы Мутони Вайноки, «ResponsEcology» компаниясының басқарушы директоры Стивен Финн, кинорежиссер Сергей Бодров, Эстонияның төртінші президенті Томас Хендрик Илвес, CGNT тележүргізушісі, халықаралық журналист Стивен Коул, Лондон университетінің аға оқытушысы Захера Харб, украин журналисі, саясаткер Дмитрий Гордон, Словения профессоры Борут Штрукель, дәрігер Джерол Томпсон, Сомалидегі ВВС Андрес Илвес, журналист Михаил Гусман, қоғам қайраткері Максим Шевченко, ТАСС ақпараттық агенттігінің редакторы Григорий Дукор, Ресейдің Facebook директоры Анна-Мария Тренева, Reuters тілшілері Нэлсон Грейвс, Грузиядағы Coda Media басшысы Наталья Антелева, Бірінші арна басшысы Елена Афанасьева, Al-Jazeera тілшісі Захра Расул, журналист Михаил Зыгарь және өзге де белгілі саясаткер, журналистер бар.
Айта кетейік, Еуразия Медиа Форумы 3 күн өтеді және алғашқы күні шеберлік дәрістерінен басталады. Жиында 7 пленарлық сессия болады. Әлемдік сарапшылар шеберлік дәрісіне бір күнді арнайды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді