Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков бұдан былай Қырғызстанда уран өндірілмейтінін айтты.
"Біз келесі ұрпаққа біртұтас қоғамды, заң үстемдік ететін мемлекет қалдыруымыз керек. Таза, жасыл табиғатты сақтау қажет. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, айта кетейін, Ыстықкөл облысының Қызыл-Омполь ауданындағы уран өндіру мәселесі қоғамда көптеп талқылануда. Уран өндіруге қатысты біздің азаматтарымыз өз наразылықтарын көрсетіп жатыр. Бірден айтайын, Қырғызстанда уран өндірілмейді", - деді қырғыз президенті.
Айта кету керек, "ЮрАзия" компаниясы Таш-Булақ Қызыл-Омпольде уран-торионит қондырғыларын дамытып, оны Қара-Балта зауытында қайта өңдеу жоспарлаған еді. Алайда, қырғыз халқы бұл жобаға қарсы шықты. Кенішті дамытуға қарсы наразылық акциялары бірнеше жерде өтті.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел