ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 1 мамырда Қазақстан қалаларында өткен митингілерге қатысты пікір білдірді.
Д.Абаев сөзінде: «Қазіргі уақытта азаматтардың мұндай шаралар ұйымдастыруға рұқсат сұрап, оны заң аясында өткізуіне ешқандай кедергі жоқ. Действительно, азаматтардың митингтері өтті. Оның бәрі рұқсат етілмеген митингтер болды. Бірақ соған қарамастан ол шараларға қатысушылар өздерінің қоғамдық пікірі мен әлеуметтік мәселелерге қатысты ойларын еркін айтты», – дейді.
Сондай-ақ, шеруге шыққан бірнеше тұрғындардың қамалуына қатысты Абаев: «Тым ашулы жекелеген тұлғалар шектен шыға бастаған соң, олар ұсталды. Бірақ ұсталмас бұрын оларға бірнеше рет ескерту жасалды», – деп қысқа қайырды.
Еске сала кетейік, 1 мамырда Қазақстанның бірнеше қалаларында билікке қарсы шерулер өтті. Наразы топ сайлаудың әділ өтуін, АЭС құрылысының жүзеге аспауын талап етті. Кейіннен Ішкі істер министрлігі митинг өткен қалаларда бірнеше азаматтың ұсталғандығын хабарлады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді