АҚШ санкциясына қатысты жаңа шешімдері Иран мұнай экспортын толықтай тоқтатуға бағытталғаны белгілі. Алайда, Иранның мұнай істері министрі мәлімдеме жасап, Иран мұнай экспорты тоқтаса, АҚШ пен оның одақтастары Иран мұнайының орынын толтыра алмайтынын мәлімдеді.
АҚШ санкциясы туралы жаңа шешімінен кейін, Иран мұнай экспорты тоқтатылса, бірқатар елдерге зиян келетіні туралы пікірлер көбейген. АҚШ тарабы қайталай мәлімдеме жасап, Иран мұнайының орынын толтыру жолдарын қарастырып жатқандарын айтқан.
Алайда, Иран мұнай істері министрі Бижан Намдар Зангане жасаған мәлімдемеде: «Иран мұнай экспортының көлемін шамалағанда, АҚШ пен оның одақтастары Иран мұнайының орнын толтыра алмақ емес. Бұл қиялдары іске аспайды. АҚШ санкциясының бір ғана салдары бар, әлем елдері оны жақсы біледі», – деген.
Ал, Иранның рухани көсемі Аятолла Хаменеи АҚШ-тың бұл әрекеті жауапсыз қалмайды деп мәлімдеді.