Нұр-Сұлтанда есірткі саудасына қатысы бар полиция қызметкерлері сотталды.
2018 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті героин өткізуге және лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалануға қатысы бар Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары М. Кантуриннің және ПД Тергеу басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты М. Әзімханның заңға қайшы әрекетін анықтады.
2019 жылғы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Кантурин және М. Әзімхан ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ М. Кантурин қосымша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі, 361-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 10 және 8 жылға мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен қауіпсіздігі барынша жоғары және орташа түзеу колонияларында жазасын өтеумен бас бостандығынан айырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жазуынша, олар мемлекеттік қызметте істеу құқығынан өмір бойына айырылған. «Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары және орташа түзеу колонияларында өтейді» дейді комитет.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі