Қазақстан «Байқоңырды» жалға беру келісімін бұзбайды. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.
Министрлік «Қазақстан тарапы «Байқоңыр» кешенін жалға беру бойынша Ресей Федерациясымен жасалған халықаралық келісімдерді сақтайтынын мәлімдеді.
Ведомство 2004 жылдың 9 қаңтарында жүзеге асқан «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану туралы мемлекетаралық келісімге кешенді Ресейге жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылғанын ескертті. Сонымен қатар министрлік сенаторлар көтерген Байқоңыр қаласын дамыту мәселесі Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық комиссия отырысында қаралатынын атап өтті.
Айта кетейік, Ресейдің Байқоңырдан ұшырылатын «Протон М» зымыраны Кеңестер одағы кезін есептемегенде Қазақстан аумағына 1999 жылдан бері құлап келеді. Соңғы рет «Протон М» зымыраны ел аумағына 2015 жылы 16 мамыр күні құлаған болатын. Ал 2018 жылы 11 қазанда сағат 14:40-та Байқоңыр ғарыш айлағынан бортында «Союз МС-10» кемесі бар «Союз ФГ» зымыраны ұшырылған болатын. Бірақ зымыран әуеге көтерілген бетте апатқа ұшырап, экипаж мүшелері жерге қонуға мәжбүр болған. Ресей тарапы Қазақстан халқының қарсылығына қарамастан апатқа жиі ұшырайтын «Протон» зымырандарын ұшыруды тоқтатқан жоқ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті