Халықаралық ғарыш күні Илон Масктің Space X компаниясы Falcon Heavy ауыр зымыранын ғарышқа ұшырды.
SpaceX компаниясы өкілдері: «Falcon Heavy бірнеше көрсеткіш бойынша әлемдегі ең қуатты зымыран атанды. Аталған зымыран орбитаға өзімен 64 тонна жүк (18 "Boeing 717" ұшағы көтере алатын салмаққа тең) көтере алады. Оське түсетін осынша салмақ пен қысымды ескерсе, Falcon Heavy болашақта адамдарды Марсқа апара алады деуге болады»,– дейді. Канаверал мүйісінен ұшырылған зымыран үшін бұл – тұңғыш коммерциялық жоба. Ол Сауд Арабиясының Arabsat 6A жер-серігін орбитаға шығаруы тиіс.
Былтыр дәл осы ғарыш кемесіне Илон Масктың спорттық көлігі тиеліп, оған скафандр киген қуыршақ адам отырғызылған. Сол уақытта Илон Маск: «Бұл ғарыш тарихындағы ең мықты зымыранның сәтті көтерілуі бола ма, әлде аспандағы көздің жауын алар отшашуға куә боламыз ба, әзірге белгісіз. Бірақ әлемнің түпкір-түпкірінен осы жайтты көру үшін мыңдаған адам келді», – деген болатын.
Зымыранның орбитадағы қозғалысының видеосын SpaceX-тің ресми сайтынан көруге болады.