Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Орта Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстанға 16-23 сәуір аралығында мемлекеттік сапармен келмек. Бұл туралы Оңтүстік Корея президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея президенті Түрікменстанға 16-18 сәуір күндері Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхаммедовпен екіжақты ынтымақтастықты арттыру туралы келіссөздер жасау мақсатында Түркіменстанға барады.
Ал, 18-21 сәуір аралығында Өзбекстанға барып, онда ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев екі елдің стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарын жақсарту және екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылайтын болады.
Сондай-ақ, Мун Чжэ Ин 21-23 сәуір аралығында Қазақстанға сапар жасап, еліміздің жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Олар екі елдің үкіметтері арасындағы сенімді нығайту және екі жақты ынтымақтастықты арттыру шаралары туралы талқылайды деп күтілуде.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы