Израиль премьер-министрі әскери күшпен, тағы басқа да жолдармен басып алған территорияларға еврей елді мекендерін салу туралы жобасын жария етуі халықаралық дау тудырды. Бұған алдынғылардың бірі болып Британия қарсы шықты. Британия тарабы мәлімдеме жасап, жаулап алған Батыс Шерия жеріндегі елді мекендерді көбейту туралы жобаны сынға алған.
Британияның кезекті қатал түрдегі айыптауын Орта Шығыс істеріне жауапты арнайы лауазымды Марк Фиелд жасады. Ол Батыс Шерияда жаңа елді мекендерді көбейту жоспары халықаралық ережелерді менсінбеу және халықаралық қауымдастықты көзге ілмеу деп бағалаған.
Ағылшын лауазымдысы Израиль билігін халықаралық тәртіпті бүлдіретін әрекетті тез арада тоқтатуға шақырған.
Батыс Шерия жері 1967 жылы Израиль жағынан басып алынған. Қазіргі кезде бұл аумақта 250-ге жуық заңсыз салынған елді мекендер бар, оларда 400 мыңнан астам еврей өмір сүруде.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы