Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік Солтүстік Кореяға тексерушілерін жібермек. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде ұйым басшысы Юкия Амано осындай мәлімдеме жасады.
Юкия Аманоның айтуынша, агенттік мұндай әрекетті жүзеге асыру үшін Пхеньямен келіссөз жүргізуші тараптар саяси шешімге келуі тиіс.
Биыл ақпанда Вьетнамда АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының саммиті өткен болатын. Бірақ басқосу нәтиже берген жоқ. Кейіннен Пхеньян тарапы Сохэдегі зымырандық сынақ алаңын жөндеп жатқаны туралы хабарлаған. Ал МАГАТЭ бұл елдегі ядролық нысандарды соңғы рет 2009 жылы тексерген.
2018 жылдың 27 сәуірінде Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен КХДР басшысы Ким Чен Ын арасында тарихи саммит өткен еді. Келіссөздер нәтижесінде тараптар бейбіт келісімшарт жасасу ниеттері бар екенін мәлімдеп, Корей жартыаралын қарусыздандыру жоспарлары туралы келіскен. Сонымен қатар, Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) мәліметі бойынша, Солтүстік Корея осы қарусыздандыруға қатысты келісмішартты орындамайтынын хабарлаған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді