Қазақстан аумағында есірткі сатумен айналысқан бірнеше сайттардың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы көлік прокуратурасы хабарлады.
Есірткі сатуды еркін түрде жарнамалап келген сайттар Қазақстанның барлық аумағында тіркелген болып шықты. Ақтөбе көлік прокуратурасы хабарлағандай, сот шешімі бойынша барлық 14 сайттың қызметі заңсыз деп танылды. Есірткі заттарын сату мен пайдалануды насихаттайтын әлеуметтік желілердегі парақшаларға қолжетімділікті шектелді. Сонымен қатар, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын сатуды жүзеге асырылған интернет-сайттар толығымен бұғатталады.
Ресми деректер бойынша, 2000 жылы Қазақстанда 34 мың нашақор арнайы тіркеуде болған, ал БҰҰ-ның наркобизнеске және қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметі бойынша, сол жылдары Қазақстанда 250 мың есірткіге тәуелді адам өмір сүрген. 2008 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есепке алу комитеті 54 мың десе, қазір бұл көрсеткіш едуір артқан. Соның ішіндегі 4 мыңы әйелдер, бес мыңға жуығы жасөспірімдер екен. Наркологтардың айтуынша, есірткіге тәуелді нашақорлардың нақты санын шығару үшін, ресми көрсеткіштерді кемінде 5-6 есеге көбейткен жөн, сонда Қазақстандағы нашақорлардың нақты санына жақындауға болады дейді олар. Ал есірткі тасымалдауға арналған «еркін сайттар» біраз уақыт көлемінде қолжетімді боп келген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті