Еуропа Парламенті Венесуэладан әділ, ашық әрі сенімді сайлау өткізуді талап етті. Бұл ортақ мәлімдемені Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропа Парламенті Жалпы Кеңесінде жасады.
ЕП кеңесі барысында Венесуэладағы әлеуметтік, саяси дағдарыстар талқыға салынып, үкіметтік күш қолдану, адам құқығы, әлеуметтік қиыншылықтар, шектен тыс инфляция, саяси қудалауларды көбірек сынға алды. Әрі, ЕП шешімімен өзін уақыттық үкімет басшысы ретінде жариялаған Хуан Гуайдоға қолдау білдіру мәселесі қаралды.
Кеңес отырысында «Венесуэланы әділ, ашық әрі сенімді сайлау өткізуге шақыру» қарары 310 дауыспен мақұлданды. Қарарға 120 қарсы дауыс берсе, 152 мүше дауыс беруден қалыс қалған.
Шешім қабылданғаннан кейін, Еуропа Одағы президент Николас Мадуродан БАҚ өкілдерін, саясаткерлерді және оппозиция мүшелерін қудалауды тез арада тоқтатып, елде әділ сайлау өткізуге шақырмақ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі