Дүйсенбі күні Голландияның Утрехт қаласында болған атыстан 3 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Полиция жағы қылмыс күмәндісінің Түркияда туылғанын анықтаған.
Атыс оқиғасы Утрехт қаласындағы трамвайда болған. Қолына қару алған күдікті жолаушыларға оқ атқан. Полиция тарауы қарулы шабуыл жасаушының артында ұйымдасқан қылмыстық топтың да бар болуы мүмкін екенін айтқан.
Голландияның Терроризмге қарсы тұру қызметі елде лаңкестік қауіптің жоғары дәрежедегі қатері туралы ескерту жасады. Сонымен қатар, қарулы шабуылдың террорлық сипатына талдау жасауда.
Голландияның жергілікті уақытымен дүйсенбі күні түстен кейін болған атыстан кейін, полиция сол маңдағы пәтерлерді қоршауға алған. Алайда, қазірге дейін күдікті қолға түспеген.
Ал, неміс сақшылары болса Голландиямен шекаралас аймақтарда сақтықты күшейтіп, күдіктіні тұтқындауға көмектеспек.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді