Бірнеше күннен бері жалғасып келе жатқан Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас өңірі Бакенде тұрғындар арасындағы жанжал ушығып тұр. Шекаралық қызметтің араласуымен тоқтатылған жанжал 13 наурыз түстен кейін қайта күшейіп, шекара күзетшілері ескерту оғын ату арқылы тоқтатқан. Қазір Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметі шекаралық мәселелерді шешуге үшін сөйлесулерді бастап кетті.
Тараптар екі ел арасындағы шешілмеген Көкташ шекаралық дауына байланысты келіссөз жүргізілуде. Кеше қырғыз Парламенті Баткендегі мәселені жабық отырыста талқыға салды. Қырғыз елінің жоғары лауазымдылары жанжал шыққан шекара аймақтарға баруда.

Шешілмеген шекаралық мәселелер. Фото: QT
Кеше түске дейін тараптардың шекара қауіпсіздік күштері қақтығыс аймағында жағдайдың біршама тұрақты қалыпқа келгенін мәлімдеген. Дегенмен, шекарадағы тәжіктер мен қырғыздар Ош пен Испананы жалғастыратын жолды жауып тастаған. Қырғызстандықтар Лейлек жағына өте алмай қалған.
Шекара тұрғындары қақтығыста тас лақтыру, жаппай төбелесте болған. Кей басылымдар тәжік жағынан бір адамның қаза болғанын айтады. Алайда, ресми тараптар бұл мәліметті жоққа шығаруда.
Шекаралық жанжалдан кейін екі ел президенті телефон арқылы сөйлескен. Жээнбеков пен Рохман бірлескен комиссия құру арқылы мәселені түбірлі шешуге уәделескен. Әрі, қырғыз бен тәжік елдері достық пен сенімді сақтап қалуға бар күшін салатынын айтқан. Қазір екі ел билігі келіссөздерге дайындалуда. Алғашқы адымда сөйлесулер де болып өтті.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс