Ауғанстанның Бадгис провинциясында Талибан күштері үкіметке қарасты әскери күштерге шабуыл жасап, 20 адамды өлтіріп, 28 адамды барымтаға алған.
Бадгистың ресми лауазымдыларының таратқан мәліметінде әскери учаскеге жасалған шабуылда 10 адам жарақат алғанын, қаза болғандардың дерліктей қауіпсіздік қызметкерлері екенін айтқан.
Шабуылдан кейін тәліптер де мәлімдеме жасап, аталған провинциядағы үш бірдей әскери учаскені өз бақылауына алғанын, барымталаған 28 әскерді кепілдікке ұстай тұратынын жеткізген.
Бадгис провинциясы елдің солтүстік батысында, Түркіменстан шекарасында орналасқан. Онда өзбек және түркімен өкілдері көбірек орналасқан.
АҚШ, Ресей тараптарының тәліптермен болған келіссөзінен кейін де, Ауғанстанда үкімет күштеріне қарсы шабуылдар толастар емес. Керісінше елде тәліптердің бақылауындағы аймақтар күн өткен сайын көбейіп, ай өткен сайын артып келеді.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі