АҚШ билігі Грузия, Балқан және Балтық елдерінде Ресей ықпалымен күресуге бағытталған арнайы орталықтар ашуды жоспарлады. Бұл туралы Politico хабарлады.
Ресми Уашингтон 2019-2020 жылдарға арналған ресейлік ақпараттық саясатқа қарсы жаһандық жүйені құру жобасын талқылады. Жоспар бойынша Ресейдің «агрессиялық саясатына» қарсы америкалық орталықтардың құрылысы биылдан басталып, 2020 жылы аталған мемлекеттерде және әлемнің өзге де елдерінде өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, Құрама Штаттары әр мемлекеттердегі жергілікті БАҚ-тар Ресей «көзімен» ақпарат таратпас үшін сандық зерттеу орталықтарын ашпақ. Енді мамырдан бастап аталған орталық Грузия, Балқан және Балтық елдерінде салынады.
Америкалық бақылау орталықтарының басты мақсаты – әр елдегі бұқаралық ақпарат құралдарына және қоғамдық пікірге Мәскеудің ықпалын анықтай отырып, Ресейдің «агрессиялық саясатына» тосқауыл болу. АҚШ билігі наурызда өтетін Украинадағы президенттік сайлауды, мамырға жоспарланған Еуропарламенттегі дауыс беру орталықтарын тексереді. Яғни Ақ үй ұсынған бұл жоба Мәскеудің сайлау процесіне араласу фактілерін анықтаумен де айналысады.
Айта кетейік, 2016 жылы АҚШ-та өткен президенттік сайлауға ресейлік хакерлер араласты делінген. Сондай-ақ Мәскеу Молдова, Украина, Беларусь жерінде президенттік сайлауға тікелей араласады деген ақпарат тарады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті