Мектеп оқулықтарында кемшіліктер бар. Сол себепті, оқулықтарды басып шығаруға жіберген кезде, қоғамның сынына қалады. Осылай деп Қазақстанның жаңадан тағайындалған білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова журналистермен кездесу барысында айтты.
«Көріп тұрсыздар, оқулықтарда кемшіліктер бар. Бірер күн бұрын ресубликалық комиссия жұмысын аяқтады. Комиссия кейбір оқулықтарды қайта түзетуге жіберді», - деді ол.
Министрдің айтуынша, оқулықтар басып шығаруға жіберместен бұрын, былтырғы жылдағыдай қоғам талқылауынан өтеді.
«Мәселен, концептуалдық негізде білім беретін фин білімін білеміз. STEAM-білім беру деген бар, яғни математика, информатика, химия, физика және биология пәндерінің интеграциясы. Осының есебінен балалардың сабағын жеңілдетуге болады. Пәндер бірін-бірі қайталамай, оларды дамытуға арналу керек», - деп мәлімдеді Білім министрі.
Айта кетейік, "Оқулық" республикалық ғылыми-тәжірибе орталығының мәліметі бойынша, Қазақстанда былтыр 2412 кітап мақұлданып, 1613 оқу құралы комиссия іріктеуінен өтпеген еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы