Германия мен Франция тарапы Ұлыбританияға Brexit мерзімін ұзарту бойынша уақыт бермек. Бұл туралы Times хабарлады.
Германиялық сарапшылар «Біріккен Корольдік Еуроодақтан шығатын болса сөзсіз ұтылады» деп есептейді. Себебі, Ирландия мен Солтүстік Ирландия шекарасындағы мәселе мен алдағы уақытта Британияның Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынасын шешу мәселесі әлі де талқыланып келеді. Осыған байланысты Ирландияның Сыртқы істер министрі Саймон Ковни: «Британияның министрлерімен кездесіп, біраз мәселелерді талқыладық. Біздің тараптың ойынша, Біріккен Корольдіктің одақ құрамынан шығу келісімі осы айда бекітілгені дұрыс болады», – деді.
Brexit бойынша келіссөздер 2017 жылдан бері жалғасып келеді. Таяуда Мэй үкіметі Brexit келісімінің толыққанды дайын екендігін айтқан. 2016 жылғы референдум бойынша Ұлыбритания биыл наурызда Еуропалық Одақ құрамынан шығуы тиіс.


















Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды